Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Солтүстік Қазақстанда жолдар жабылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 19:55

ПЕТРОПАВЛ.ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сағат 16:00-ден бастап жауын-шашын түсіп, көріну нашарлағандықтан республикалық маңызы бар «Тимирязево – Сарыкөл» тасжолында барлық көлік түрінің қозғалысына тыйым салынды.

18:00-ден боран болып, көріну нашарлағандықтан «Екатеринбург-Алматы» (Чистополье ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін), «Көкшетау-Рузаевка» (Саумалкөл ауылы – Рузаевко ауылы), «Жезқазған- Петропавл» (Новоишим ауылы – Ақмола облысының шекарасы) тасжолдары жабылды.

Таңертең «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Чистополье ауданының Ғ.Мүсірепов атындағы ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі бөлігі жабылған болатын.


Жоғары қарай