Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Солтүстік және Латын Америкадағы ең ірі ЖОО-да ҚР Президентінің Жолдауы таныстырылды

2019 жылдың 23 қазан 2019 20:07

МЕХИКО. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Андриан Елемесов Мексиканың Ұлттық автономды университетінде «Қазақстан – Орталық Азияның көшбасшысы» атындағы конференция шеңберінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, аталған конференцияға университеттің басшылығы мен оқытушылар құрамы, саясаттану, әлеуметтану және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері, сондай-ақ жергілікті танымал БАҚ-тардың өкілдері қатысты.

Жолдаудың негізгі тақырыбы экономикалық өзгерістер мен жастарды әлеуметтік қолдау болғандықтан аудиторияның аса қызығушылығын тудырды. Университеттің Жоғары зерттеулер факультетінің директоры Мануэль Мартинез Хусто Мексика Қазақстан сияқты маңызды мемлекеттік және әлеуметтік реформалар кезеңінде болғандықтан, Жолдауда қозғалған мәселелер мексикандық қоғам үшін пайдалы екені туралы пікірін білдірді.

Қазақстандық дипломат пікірталас барысында нақты сұрақтарға толық ақпарат беріп, қатысушылармен Қазақстанның саяси құрылысын және жүргізіліп жатқан реформаларын талқылады.

Айта кетері, 400 мың студенті мен магистрі бар МҰАУ Солтүстік және Латын Америка бойынша ең ірі университеттердің бірі болып саналады.

Жоғары қарай