Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Солтүстікқазақстандық 200 дәрігер шетелге оқуға жіберіледі

2019 жылдың 15 маусым 2019 01:24 830

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңір дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Құмар Ақсақалов медицина қызметкерлерімен кездесу барысында сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мәселен соңғы жылдары денсаулық сақтауға бөлінген қаржы 55% өсті, медициналық қондырғыларды сатып алуға берілетін сома 2 есе ұлғайды. Жақында жаңа техника, заманауи қондырғылар сатып алынып, 14 емдеу мекемесі күрделі жөнделмек.

«Сапалы әрі тиімді жұмыс істеу үшін емдеу мекемелерінің материалды-техникалық базасын жақсартуымыз қажет. Қыркүйек айында магнитті резонанстық томография және ангиограф қондырғылары алынады. Маусымда компьютерлік томограф пен цифрлық маммограф келеді. Аудандарға 700 млн теңгеге 25 қондырғы сатып алынады», - деді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ аймақ басшысы  медицина қызметкерлеріне жағымды жаңалық жеткізді.

«Қыркүйекте Петропавлда көпсалалы аурухананың құрылысы басталады. Біз осы жобаға бір жыл жұмсадық. Бұл түрік компаниясымен жүзеге асатын ең ауқымды жоба. Екі жылда аурухана салынады. Өңір тұрғындарымен қоса, көршілес облыстар мен Ресейдің азаматтары да емделе алады. Үздік қондырғыларда үздік дәрігерлер жұмыс істемек. Осы мақсатта шетелге 200 дәрігерді оқуға жібереміз», - деді ол.

Салтанатты жиын барысында өңір басшысы еңбегі сіңген дәрігерлерге «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісін және Алғыс хаттарды табыс етті.



null

 

 

Жоғары қарай