Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Сот шешімі:«Жолаушылар тасымалы» билеттерді қайтару кезінде мың теңгені негізсіз ұстаған

2019 жылдың 4 желтоқсан 2019 11:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қатысты сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Facebook -тегі парақшасында жарияланған ақпаратта сот «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ын билеттерді қайтару кезінде 1 мың теңге негізсіз ұсталуына байланысты кінәлі деп танығандығын атап өтеді.

«Осы жылдың ақпан айында монополияға қарсы орган оған бұзушылық белгілерінің барын және оны тергеп-тексеру басталғанға дейін жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

Алайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ заңда көзделген осы құқықты пайдаланбады және сотта «ұтылып» қалды», - деп атап өтеді комитеттен.

Жоғары қарай