Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Сот шешімін орындамағандар қандай жазаға тартылады

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 17:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Жоғарғы соты Мамандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева сот шешімін орындамағандардан өндіріліп алынатын қаржы көлемі туралы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімшілік сот өз шешімдерінің орындалуына қатаң бақылауды қамтамасыз ететін болады. Бұл үшін ақшалай өндіріп алу институты енгізіледі. Бұл әкімшілік жауапкершілік емес. Іс қаралып жатқан процесте судья ақша өндіріп алуға құқылы», - А. Қыдырбаева Парламент Мәжілісінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасының таныстырылымында.

Осы орайда, ол мұндай шара сот шешімі мен талаптарын орындамағаны үшін қолданылатынын атап өтті. Ақшалай өндіріп алудың мөлшері 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін болады.

Мысалы, Германияда 10 000 еуроға дейін, Латвияда 300 еуроға дейін, Эстонияда 32 000 еуроға дейін айыппұл қарастырылған.

«Ақшалай өндіріп алу сот шешімі орындалғанға дейін бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Бұл шешімнің орындалу тәртібін және іске қатысушы басқа да адамдардың құқықтарын құрметтеуді арттырады деп санаймыз», - деп түсіндірді Жоғарғы сот өкілі.


Жоғары қарай