Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Степногорда күш атасы Қажымұқанға ескерткіш орнатылды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 20:00

СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Степногор қаласында қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовқа ескерткіш орнатылды. Бұл туралы қала әкімі Еркебұлан Баяхметов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Степногор қаласының 55 жылдығын меркелеу шеңберінде Спорт сарайының алында орнатылған ескерткіштің ашылуына қала әкімі Еркебұлан Баяхметов, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Баймағамбетов және мүсіннің авторы - Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, профессор Азат Баярлин қатысып, сөз сөйледі.

Ескерткіш граниттен жасалған. Қола мүсіннің биікті - 2,5 метр, постаментімен қосқанда жалпы биіктігі 4 метрді құрайды. Салмағы - 23,5 тонна.




Ескерткіштің ашылуынан кейін қазақ күресінен республикалық жарыс, кросс-кантри «STCROSS» веложарысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар қаланың 55 жылдығына орай, 5-ші шағын ауданда балалардың спорт-ойын алаңы ашылды. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жəне Жастар жылы аясында жүзеге асырылып отыр.

«Спорттық-ойын алаңы қала жастары мен бүлдіршіндердің демалып, бос уақытын өткізу үшін қажетті керме, әткеншек сияқты құрал-жарақтармен жабдықталған. Сондай-ақ волейбол ойнауға арналған алаңда қарастырылған», - деп жазды қала әкімі Еркебұлан Баяхметов Facebook парақшасында.







Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы,
Жоғары қарай