Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілді

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 11:28

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сырдария өзені арнасынан шығуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұз құбылыстарына байланысты Сырдария өзенінің Жосалы тармағында су деңгейі қауіпті белгіге жақындады.

Нақты деңгей таңғы 08:00-де 638 см болатын.

Қауіпті деңгей - 665 см (судың өзен арнасынан шығуы).

Шекті деңгей - 720 см. Бұл жағдайда елді мекенді су басады.

Су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.

Жоғары қарай