Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Сырдарияда ақындар айтысы өтті

2019 жылдың 22 қазан 2019 20:56

СЫРДАРИЯ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы, Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде белгілі айтыскер-ақын, өтірік өлең айтысы жанрының майталманы Замаддин Ибадуллаевтың 80 жылдығына орай облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Заңғар ақын – Замаддин» тақырыбындағы өнер шарасына белгілі айтыс ақындары қатысты.

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған аламан айтыста Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Марат Сүгірбай, Ержеңіс Әбдиев сынды елімізге белгілі 10 ақын бақ сынады.

Шараны аудан әкімі Руслан Рүстемов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова өңір әкімі Қуанышбек Ысқақовтың құттықтауын табыс етіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Бұдан бөлек, Замаддин Ибадуллаевқа аудан әкімі Руслан Рүстемов пен аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісін тағып, иығына шапан жапты.




Айтыс барысында ынталандыру сыйлығын иеленген Нұрзат Қару, Мейрамбек Ибрагимов, Тұрар Бекмырзаев және Марат Сүгірбай сынды ақындарға 100 мың теңге табысталды. Ал үздік үштікті түйіндеген Ержеңіс Әбдиевке - 200 мың, екінші орын алған Нұрмат Мансұров пен Мұхтар Ниязовқа - 300 мың, бірінші орын алған Мұхамеджан Бағдатұлына 400 мың теңге берілді.

Бас жүлде иегері Ерасыл Бәйментай 500 мың теңге алды. Ал, көрермен қауымның көзайымына айналған жас ақын Бексұлтан Орынбасаров арнайы жүлдеге лайықты деп танылды.




Жоғары қарай