Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Сырдарияда «Домбыра-дастан» мәдени шарасы өтті

2019 жылдың 6 қазан 2019 18:10

СЫРДАРИЯ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде «Домбыра-дастан» атауымен мәдени шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара барысында Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов жиналған көпшілік алдында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға маңыз беру қажеттігін атап өтті.

«Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше басымдық берілген. Домбыра халқымыздың ұлттық кәсіби өнерінің қалыптасуына, өркендеуіне негіз болды. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа секілді даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерін биікке көтеріп, қалдырған тамаша туындылары біз үшін баға жетпес құндылық. Жалпы, домбыра аспабының тарихы тереңде екенін ұғынамыз. Сондықтан халқымыздың ұлттық аспабы домбыраға құрмет ретінде шілде айының бірінші жексенбісін «Ұлттық домбыра күні» ретінде атап өту арнайы Жарлықпен белгіленді. Қазақтың қара домбырасы - жәй ғана құрал емес, біздің тілімізбен, ділімізбен, рухымызбен үндес қасиетті аспап. Қаншама қиындықтарда тар жол, тайғақ кешу замандарында қазаққа сүйеніш бола білген қара домбырамыздың ғұмыры мәңгі болсын», - деді аудан әкімі Руслан Рүстемов.

Салтанатты шара барысында аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен әуез мектебінің оқушылары жыр-термелер орындады. Көпшілік назарына айтыс пен күй тартыс ұсынылды. Музей қорындағы экспонаттардан жасақталған көрме таныстырылды.




Жоғары қарай