
Ақтауда автобустағы жолақы 80 теңге болып қымбаттауы мүмкін
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Ақтау қаласында қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы - 50 теңге. Ол - республика бойынша ең төменгі көрсеткіш. 2020 жылы жаңа автобустар сатып алынғаннан кейін жолақы құнын 80 теңге көтеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы автобустарына Face Pay төлем жүйесі қашан енгізіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының қоғамдық көліктеріне Face Pay немесе банк картасы арқылы төлем жасау жүйесі қашан енгізіледі? Бұл сұраққа Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ет экспорты ішкі нарықтағы баға өсіміне әсер етіп отыр - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ет экспортын ұлғайтқаннан кейін ішкі нарықтағы өнім бағасы өсіп отыр. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Қауіпсіздік кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңес отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоқыс шығару тарифін көтеру керек – вице-министр
НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Қоқыс тарифін көтермеген жағдайда елімізде тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесі шешілмейді. Бұл туралы «Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы» тақырыбында өткен Франция Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының форумында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келесте күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары жүріп жатыр
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары жүргізілуде. Осы мақсатта аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев бастаған жұмысшы топ аудан орталығындағы сауда кешендерінде болып, ең қажетті тауарлардың бағасына талдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай