Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95
Қуаныш Жиенбай: «Мәдени мұра» - төл тарихымыздың жанашыры НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біз бастан кешіп жатқан қазіргі заман күн сайын өзгеріс үстінде, бүгінгі таңдай қағып таңырқағаның бірнеше сағаттың ішінде-ақ жаңалық болудан қалады. Ұшқыр уақытқа ыңғайланамыз амалсыз. Ал бұндай алмағайып уақыт арпалысында мерзімді баспасөздің күні қалай? Заман тынысына сай, өздеріне жүктелген тақырып аясына орай, хал-қадірінше оқырман сұранысын қанағаттандырып келе жатқан басылымның бірі - «Мәдени мұра-Культурное наследие» журналы. Журнал ҚР Ұлттық музейінің қаржысымен екі айда бір рет (орысша-қазақша) жарық көреді. Бір кездері елімізге белгілі қаламгерлер Дүкенбай Досжанов, Жарылқап Бейсенбайұлы басшылық еткен. Журналдың қазіргі бас редакторы, халықаралық «Алаш» әдеби, халықаралық ПЕН-клуб сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, жазушы Қуаныш Жиенбай мырза. Таяуда бас редактормен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
ары қарай
Жоғары қарай