Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95
Қазақстан Президенттігіне кім үміткер бола алады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осыдан 1 айға жуық уақыт бұрын, нақты айтқанда 19 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті ретіндегі лауазымын тоқтатып, еліміздің ең жоғары билігі сол кездегі Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткеннен кейін қоғам арасында алдағы президенттік сайлауға қатысты сан-алуан пікір болғаны белгілі. Кейбір сарапшылар Қ.Тоқаев Тұңғыш Президенттің қалған мерзімін соңына дейін атқарып, одан кейін ҚР Конституциясының 41-бабына сәйкес Республика Президентінің кезекті сайлауы 2020 жылдың желтоқсан айының бірінші жексенбісінде өткізілетіндігін болжаған болатын. Кезектен тыс сайлау өтетіндігін айтқандар да болды. Дәл осы мәселеге бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы ел халқына үндеу арнап, соңғы нүкте қойды.
ары қарай
Жоғары қарай