Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Тағдыршешті кезең. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жетістіктері

2019 жылдың 19 наурыз 2019 20:27 4342

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттігі кезеңінде Қазақстан Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшы, сыртқы саяси процестердің абыройлы әрі толыққанды мүшесі ретінде мойындалды.

ҚР Тұңғыш Президентінің жетістіктерінің бірі «Қазақстан-2030» Стратегиясының уақытынан бұрын орындалуы болды. Бұл жетістік Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіргізуге мүмкіндік берді. Мемлекет екі бірдей әлемдік дағдарыстан сәтті өтіп, өз ауқаттылығын дәлелдеді.

Бей-берекеттікке, жұтаңдыққа, қоғамдық жіктелуге, азаматтық соғысқа, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарға, қылмыстың өршуіне, «бандиттік» және «олигархиялық» капитализмге, елді халықаралық қақтығыстарға киліктіруге, «түрлі-түсті революциялардың» сценарийі бойынша қоғамдық-саяси толқуға, шетелдік кредиторлардың қарыз бойынша тәуелділігіне, экономикалық құлдырауға, стагнацияға немесе әлемдік дағдарыстардың созылуына байланысты рецессияға жол берілген жоқ.

Ең бастысы - біртұтас ұлттың - Қазақстан халқының қалыптасуы басталды. Елдің экономикалық табыстары мен халықтың теңдік қағидаттарын бекемдеу негізінде ұлттық ынтымаққа қол жеткізілді. Бұған қоса елдегі азаматтардың ауқаттылығының жедел өсіміне қол жеткізіліп, орташа класс және ұлттық кәсіпкерлік қалыптасты. Әлеуметтік бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім сақталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттігі кезеңінде стратегиялық жоспарлар негізінде Мемлекеттің қалыптасу және даму стратегиясы (1992), «Қазақстан-2030» стратегиясы (1997), «Қазақстан-2050» стратегиясы (2012) негізінде елдің сенімді дамуы мен өсуі қамтамасыз етілді.

Қазақстанға Елбасының бағдарын жалғастырып, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырып, жаһандық тегеуріндердің сындарына жауап ретінде мемлекеттік билік институттарын бекемдеу міндеті тұр.

Мемлекеттің бүгінгі міндеттері - Қазақстанды жаңғырту, елдің барлығы үшін заманауи әрі күшті мемлекет ету, Бес институционалдық реформа мен Ұлт жоспары, «100 нақты қадам» негізінде мемлекетті бекемдеу мен Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдары.

Қазақстандықтардың мақсаты - мемлекетке жаңа серпін беру: табиғи ресурстардың көмегімен ғана емес, технологиялық жетістіктер есебімен өмір сүру, мықты ұлттық экономиканы дамыту.

Әлемдік трансформация мен жаһандық тегеуріндер кезеңінде ЕАЭО, ДСҰ, ЭЫДҰ, «Жаңа Жібек жолы» Қазақстанға ұлттық экономикасын қорғау, «Қазақстан-2050» Стратегиясын мүлтіксіз орындау, сенімді түрде ЭЫДҰ стандартына сәйкес әлем елдерінің отыздығына ену, мұнай және шикізат дағдарысынан тәуелсіз елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр.

 

 

Жоғары қарай