Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Тағы екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 9 шілде 2019 18:38 1262

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республиканың екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 10 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жауады. Оралда 10 шілдеде найзағай ойнайды. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

10-12 шілде күндері күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 0 С-қа дейін аптап ыстық болады. 10 шілдеде кей жерлерде шаңды дауыл соғып, шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел еседі.

Шымкентте 10-12 шілде күндері күндіз 40 0 С-қа дейін қатты ыстық болады. 10 шілдеде таңертең және күндіз шаңды дауыл соғады, шығыстан есетін желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Түркістанда 10-12 шілде күндері жететін аптап ыстық болып, ауа температурасы 41-43 0 С-қа дейін жетуі ықтимал. 10 шілдеде шаңды дауыл соғып, шығыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аптап ыстық салдарынан Қазақстанның жеті облысында ескерту жарияланды. 

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Қоғам,
Жоғары қарай