Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Таиландта автобус апатқа ұшырап, 14 адам зардап шекті

2019 жылдың 3 наурыз 2019 14:07 954

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта Lignite Tour компаниясының туристік автобусы апатқа ұшырап, 14 адам зардап шекті. Оның төртеуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Thaiger порталына сілтемемен.

Оқиға жергілікті уақытпен түнгі 12 шамасында Бангкоктан 400 шақырым жерде орын алған. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.

Автобус аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай