Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Таиландтағы жер сілкінісі: Қазақстан азаматтарына абай болу ескертілді

2019 жылдың 24 наурыз 2019 21:14 802

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таиландта демалып жатқан Қазақстан азаматтарына ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таиландтың табиғи апаттардың алдын алу және апаттарды жою басқармасының хабарлауынша, Ранонг, Пхукет, Пханг-Нга, Краби, Транг және Сатун атты алты оңтүстік провинцияда Үнді мұхитында орын алған екі жер сілкінісі салдарынан цунами болуы мүмкін. Магнитудасы 5 баллдық бірінші жер сілкінісі 23 наурыз күні, кешке Андаман аралдарының жанында болды. Бірнеше минуттан кейін Пхукет провинциясының жағалауынан 630 км қашықтықта тағы да жер сілкінді. Бұл жолы магнитудасы 5.2 балл. Сондықтан, Таиландта демалып жатқан Қазақстан азаматтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ҚР Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтында көрсетілген байланыстар арқылы дереу Қазақстанның Таиландтағы Елшілігімен хабарласу керек.

 

 

Жоғары қарай