Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Талдықорғанда «Еgemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығы тойланды

2019 жылдың 16 қараша 2019 23:20

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда еліміздің бас басылымы «Еgemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығы және Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығы тойланды.

Екі күн бойы әдеби кештер мен кездесулер ұйымдастырылып, ардагер журналистер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Газеттің алғашқы ашылған жылдарында ұжымда Ілияс Жансүгіров еңбек етіп, өз шығармалары мен мақалаларын жария етіп отырған. Сондықтан мерзімді басылымның ғасырлық тойы мен құлагер ақынның 125 жылдық мерейтойын бірге атап өту біз үшін өте маңызды, деп атап өтті «Еgemen Qazaqstan» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Ілияс Жансүгіровтың Талдықорғандағы әдеби музейінде жетісулық ақын-жазушылар газет басшыларымен кездесіп, қаламгердің шығармашылығы және газеттегі қызметі жайында әңгіме өрбітіп, ән айтып, театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Ел газеті атанып кеткен Еgemen Qazaqstan-да әр жылдары Алматы облысының меншікті тілшісі болып жұмыс істеген ардагер журналистермен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, газеттің кешегісі, бүгіні және болашағы жайында сөз қозғалды.

Жетісудың аға буын қаламгерлері «Еgemen Qazaqstan-ның» мерекелік медалімен марапатталды. Ғасырлық тарихы бар газет ұжымы құрмет көрсеткен ардагерлердің қатарында Әли Ысқабай, Батық Мәжітұлы, Күмісжан Байжан және Нұрбол Әлдебай бар.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Қоғам,
Жоғары қарай