Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Талдықорғанда жастардың өз студенттік қалашығы болады

2019 жылдың 30 қаңтар 2019 18:08

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда студенттік жатақхана облыс орталығының ең ыңғайлы әрі сәулеті жарасқан жерінде бой көтермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғимаратта студенттердің жан-жақты білім алуы мен тынығуына қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған. 1-қабатта кітапхана, асхана, шағын кинозал, медициналық пункт және студенттердің жеке қызығушылығына байланысты түрлі шеберханалар болады.

Сондай-ақ жоба бойынша әрқайсысы 3 адамға арналған 96 бөлме, галерея мен лифт болады.

Жатақхана маңында қала жағажайы, сауда орталықтары, Қаратал өзенінің бойындағы серуендеуге арналған аллея, орталық саябақ, Ардагерлер саябағы және т.б. демалыс орындары, нысандар мен ғимараттар бар.

Бұл да - облыс басшылығының Жастар жылында жастарға жасаған тамаша сыйы. Ол жастар үшін бос уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге арналған ыңғайлы орындардың бірі болмақ.

Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.




null


null


null

Жоғары қарай