Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Талдықорғанда жылқыны зираттың ішіне сойған ұры іздестірілуде

2019 жылдың 29 қыркүйек 2019 00:53

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандық Ақмарал Қияқбаеваның өрісте жүрген жылқысын белгісіз біреулер ұрлап, сойып әкеткен. Тұрғын малының ішек-қарыны мен бас-сүйегін зират ішінен тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылқым 26 қыркүйек күні өрістен жоғалды. Бүгін таңертең зираттың ішінен малдың ішек-қарыны, бас-сүйегін тауып алдық. Зираттың ішінде жылқымды сойып әкеткен. Полицияға хабар бердік. Олар ұрыны іздестіріп жатыр. Бірақ нәтиже жоқ. Бұл бірінші жағдай емес, бұған дейін де қорамда тұрған биемді құлынымен ұрлап кеткен. Ұры сол күйі табылмады»,- деп күйінеді Ақмарал Қияқбаева.

Ақмарал Қияқбаева үйінің маңайына бейнебақылау камерасын орнатса да ұрлық тыйылмай тұрғанын айтады.

«Бұған дейін қорадан жоғалатын малымыз. Енді міне өрістен ұрлап әкетіп жатыр. Мен ұрының табылатынына сенбеймін. Өйткені бұрынғы ұрылар да табылмады. Іс жабылып қалды», - дейді А.Қияқбаева.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Панфилов ауданында да болған. Ол кезде барымташылар үш малды Нұрлан Бейсеғұловтың қорасынан ұрлап, ауылдың сыртына барып сойып, ішек-қарнын, терісін тастап кеткен болатын.

Жоғары қарай