Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

«Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

2019 жылдың 5 қыркүйек 2019 16:52

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Тараз» футбол клубының бас бапкері Вахид Масудов клубтан кететінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, танымал қазақстандық бапкер, жамбылдық футбол мектебінің тәрбиеленушісі 59 жастағы Вахид Масудов спорттағы мансабын 18 жасында «Химик» командасында (Жамбыл) бастаған еді. 1999-2000 жылдары бапкер ретінде «Тараз» клубына келген. 20 жылдық бапкерлік мансабында Қазақстанның көптеген футбол клубтарын жаттықтырған.

«Тараз» ФК ресми сайтында хабарланғандай, «Тараз» футбол клубының базасында команда жиналысы өтіп, Вахид Масудов өз шешімін жария еткен.

«Мен үшін бұл оңай шешім болған жоқ. Үлкен жұмыс атқардық, турнирлік кестеде жоғары тұруымыз мүмкін еді. Алайда әділдік үнемі серік болған жоқ. Команданың болашағы зор деп ойлаймын. Премьер-лигида тұрақтап қалуға мүмкіндік бар, жарақат алған ойыншылар қайта қалпына келуде, біріншіліктің көшбасшыларымен матч өткіздік. Жігіттерге бірге атқарған жұмыс үшін алғыс айтамын. Сіздерге сәттілік пен жаңа жеңістер сыйлаймын. Сіздердің барлығыңыз үшін әрдайым ашықпын», - деді В. Масудов.

Клуб басшысы Қанат Мұсатаев Вахид Масудовқа клубтың атынан ризашылығын білдіріп, тәлімгеріне алдағы спорттық мансабында сәттілік тіледі. Бас бапкердің міндетін орындаушы ретінде Нұрмат Мирзабаевты таныстырды. Ол бұған дейін бас бапкердің көмекшісі болған.

Басты сөздер: Спорт, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай