Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Тараз түрмесіне телефон кіргізбек болған азамат ұсталды

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 21:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы ЖД-158/7 түзеу мекемесінде қылмыстық әрекет орын алды. Құйтырқы іске барғандар қоршаудан асырып, беймәлім қорапты ішкі күзет аумағына лақтырмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Темірдей тәртіп орнаған түзеу мекемесінің қатаң ережесін бұзып, амалын асырғысы келетіндер тыйылмай тұр. Олар жазасын өтеп жатқан жақындарына оңай жолмен жәрдемдесуді ойлап, түрлі әрекетке барады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мамандары мәлімдеді.

«Қырағылық танытқан жедел уәкілдер Әділет Жарықбасов, Ерзат Шалабек, Бақдәулет Тұрсынбектің арқасында заңбұзушылық дер кезінде анықталды. №5 күзет аумағынан тәркіленген белгісіз зат - жабысқақ орамаға әбден маталған қорап ішіндегі екі бірдей «Nokia» маркалы ұялы телефон мен 2 қуаттағыш құрылғы болып шықты. Күдікті қылмыс үстінде ұсталып, 22 жасар Тараз қаласының тұрғыны екені анықталып отыр»,-дейді аталмыш департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Бүгінгі таңда ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 481-бап, 1-тармағына сәйкес іс Тараз қалалық әкімшілік сотына жолданған.


Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Заң, Оқиға, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай