Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Таразда бөлімнің бас маманы АӘК әперемін деп 200 мың теңге пара алған

2019 жылдың 18 қараша 2019 20:27

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас қылмысқа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманын әшкереледі.

Ол тұрғынға атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдескені үшін 199 500 теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі тергеуді жедел өткізуге өтініші мен келу туралы жазбаша міндеттеме беруіне байланысты күдіктіге қатысты процессуалдық қамау қолданылмады.

Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Жоғары қарай