Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Таразда бюджеттің 21 млн теңгесін қалтасына басқан шенеунік әйел сотталды

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 17:52

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы К. Абжановаға қатысты тергеуді аяқтады.

К. Абжанова 21 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын өзінің карталық шотына заңсыз аударғаны үшін күдікке ілінген болатын.

12 қыркүйекте №2 қалалық сотының үкімімен Абжанова ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп танылды. Ол 7 жылға шартты түрде сотталды.

Айыпталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.


Жоғары қарай