Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Таразда емдік шөптермен емдейтін фито-бар ашылды

2019 жылдың 22 наурыз 2019 15:33

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай Тараз қаласында «Балқарағай» фито-бар емдеу-сауықтыру орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде алғаш рет ашылып отырған орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Фито-барда алдағы уақытта келушілерге арналып емдік өсімдіктерден дайындалған түрлі тағамдар мен сусындар, денсаулықты жақсартатын диеталық өнімдер ұсынылмақ.

«Жобаны облыс басшысының идеясымен қолға алып, жүргізудеміз. Бұл жерде 100-ден астам шөп түрлерінің емдік қасиеттері пайдаланылады. Ол шөптер еліміздің әр түкпіріндегі таулы аймақтардан теріледі. Мұнда негізінен емдік шөптерден дайындалған шәйлармен емдеу шаралары жүргізілмек. Ал тағамдар мәзірінде диеталық өнімдерге басымдық беріледі. Емдік шөптерді пайдалануда «Зерде-Фито» ЖШС-мен бірлесіп еңбек етпек»,-дейді жеке кәсіпкер Қадырхан Абдуллаев .



null

Айта кетейік, нысанның орталық ғимаратының аумағы 700 шаршы метрді құраса, маңында жалпы аумағы 1,8 гектарды құрайтын саябақ орналасқан. Мұнда барлығы 30-35 адам жұмыс атқарады. Олардың қатарында шөппен емдейтін, педиатр, терапевт дәрігерлері бар. Орталықта тәулігіне 150-200 адамды қабылдауға мүмкіндік жасалған.



null

Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған медицина ғылымдарының докторы, денсаулық сақтау ісінің үздігі «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» директоры Сейітхан Жошыбаев емдеу-сауықтыру орталығының ерекшелігі мен пайдасына тоқталып, фито-бар алдағы уақытта халық денсаулығын арттыруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.




null


null


null

Жоғары қарай