Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Таразда Қырықбаевтар қылмыстық тобының 4 мүшесі ұсталды - ҰҚК

2019 жылдың 28 мамыр 2019 17:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Олар күш көрсету арқылы қорқытып, өңірлік бизнес-орта өкілдерінің бірінен ақшалай қаражат бопсалаған. Биылғы 21 мамырда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында тиісті соманы алғаннан кейін ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі «Р» және «Д» қылмыс үстінде ұсталды. Сот оларға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Сондай-ақ, 23-24 мамырда іс-шара барысында осы қылмысқа қатысы бар қылмыстық топтың тағы екі мүшесі анықталып, ұсталды» делінген хабарламада.

Бүгінде ҰҚК департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Жоғары қарай