Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Таразда латын әліпбиінің емле-ережелері талқыланды

2019 жылдың 27 қазан 2019 11:49

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда ғалымдар жаңа әліпбидің емле-ережелерін меңгертудің тиімді жолдарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тіл мамандары әліпбиге көшу кезеңінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек деп санайды. Келесі айдан бастап бұл бағытта өңірдегі жоғарғы оқу орындарында оқыту курстары басталады. Оған өңірден 20 мыңға жуық мұғалім тартылады деп күтілуде. Келешекте орта мектеп ұстаздарын да қамту көзделіп отыр.

Семинар-кеңесте латын графикасы негізінде әліпбиді қолданудың тарихи тәжірибесі, бірыңғай стандартын енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар шараға қатысушылар емле-ережелерде қарама-қайшылық туғызып отырған мәселелерді біріздендіру бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

«Мысалы, кей әріптердің бір-біріне ұқсастығы. Мысалы «І» әріпіне келсек «і» әрпі мен «и» әрпінің бас әріптері бір-біріне ұқсас, оларды айыру өте қиын. Соған байланысты қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Тағы да диграфтар бар. Оларға байланысты да біраз шаруа атқарылуда»,- дейді филология ғылымдарының кандидаты Айша Төлекова.

Жоғары қарай