Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Таразда нан бағасы 10 теңгеге қымбаттады

2019 жылдың 24 қазан 2019 07:58

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз дүкендерінде бір бөлке нан 85 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін жыл басынан бері Таразда бір бөлке нан бағасы 65-тен 70-теңгеге, сосын 75-теңгеге өкен болатын. Енді 85 теңгеге, яғни, 10 теңгеге қымбаттап отыр.

Алдын ала болжам бойынша, нан бағасының өсуі астықты өңірлерде ұнның қымбаттауымен байланысты болуы мүмкін. Осындайда нарықты жіті зерттеп, зерделеу жүргізуге жауапты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қымбатшылыққа қатысты ресми ақпар беруден бас тартты.

Қазір өңірдегі тұрақтандыру қорында ұн таусылған. Мамандар солтүстік аймақтардан арзан ұн мен бидай іздеп жатқандарын айтады. Ал, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мамандары негізгі деген 6 наубайхана қожайындарына бағаны көтермеу жөнінде ескерту хатын әзірлеп жатыр. Олар барлық нан зауытында ұн қоры бір уақытта таусылды дегенге сенбейді.

Жоғары қарай