Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Таразда өткен Азия кубогында Қазақстан каратэшілері топ жарды

2019 жылдың 9 қыркүйек 2019 22:41

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда өткен киокушинкай-кан каратэден Азия кубогында Қазақстан спортшылары топ жарды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тараз-Арена» спорт сарайында өткен құрлықтық додада қарсыластарына дес бермеген отандастарымыз жеңіс тұғыранан көріне білді. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, шығыс жекпе-жегінің шеберлеріне сәттілік тіледі.

Жарысқа жеті елден келген 300-ден астам спортшы қырық бір салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Екі күн бойы тартысқа түскен каратэшілер шын мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қазақстан 27 алтын медальға ие болып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты. Ал, Алатау асып келген қырғыз ағайындар екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Өзбекстандық құрама түйіндеді.








Айта кетейік, Азия ашық біріншілігі екі жылда бір рет өткізіледі. Бұл әлем чемпионаттарына арналған құрлықтық іріктеу турнирі. Бұл жолғы бәсекеге Қазақстан құрамасының бірінші және екінші құрамы қатыспады. Себебі, олар желтоқсан айында Нұр Сұлтанда өтетін Әлем кубогына дайындалуда.








Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Спорт,
Жоғары қарай