Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Тараздық полицейлер үш айлық рейдке шықты

2019 жылдың 17 қазан 2019 02:29

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «Учаске» жедел алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы жедел жағдайды тұрақтандыру, учаскелік полиция инспекторларының халық арасында беделін арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатына негізделген рейд ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде басталған. Бір ай ішінде тараздық учаскелік инспекторлар 75800 пәтер мен жеке үйлерді барлап, заңсыз жалға беріліп келген 18 пәтерді анықтады. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке 3 мыңнан астам адам тартылды.

«Полицияда есепте тұрған 2800-ден астам адам тексеріліп, 237 адам ІІО-ға есепке алынды. Тексерілген 1510 азаматтық қару иелерінің 34-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары 18 қылмыс пен 14 құқықбұзушылықты ашты», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, «Учаске» жедел алдын алу шарасы 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жоғары қарай