Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Ташкентте қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті

2019 жылдың 5 қазан 2019 20:15

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің қолдауымен қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз тәуелсіздік алғалы алғаш рет Қазақстанның Өзбекстандағы Мәдениет күндері аясында ҚР Суретшілер одағы еліміздің суретшілерінің өнерлерін шетел қауымына таныстрды. Екі елдің бейнелеу өнері қалыптасу кезеңі бойынша бір-біріне жақын. Екі мемлекетте де бұл өнер өзінің дамуын ХХ ғасырда бастады. Алайда екі елдің стилі мен көркемдік тілі әркелкі. Өйткені екі мемлекеттің де бейнелеу өнерінің қалыптасуына олардың ұлттық тарихы мен табиғи ортасы ықпал еткен. Сол үшін де осы салада тәжірибе алмасу өте қызық, өйткені ол екі елдің мәдениет саласы өкілдерінің шеберлігін байытады»,-деді қазақстандық дипломат.

ҚР Суретшілер одағы аторлық жұмыстар мен колористік композициялардың кең ауқымын ұсынды. Көрме экспозициясында Қазақстанның Алматы, Шымкент, Павлодар, Орал, Қарағанды және Түркістан облысы сияқты әр аймағынан келген авторлардың туындылары қойылған.

Көрмеге барлығы 38 автор 114 туындысын қойған.

Авторы: Мирас Қуандықов

Жоғары қарай