Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ташкенттің қақ ортасынан құны млн доллардан асатын алтын қазына табылды

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 17:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Ұлттық университетінің ғалымдары Ташкенттің қақ ортасынан құны миллион доллардан асатын алтын қазына тауып алды. Бұл туралы Kun.uz интернет басылымы жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Асыл бұйымдардың көпшілігі 80 жыл бұрын жоғалып кетті деп саналған.

Қазына 1870 жылы салынған ғимараттың астындағы құпия жертөледен табылды. Оған апаратын жол бұзылып, жабылып қалған болатын.

Құнды заттардың арасында құйма алтын, күміс, монеталар, бағалы заттар, ыдыс-аяқ, мүсіншелер, бір кездері Санкт-Петербургтен, Еуропадан жер аударылған адамдардың бұйымдары, князь Романовтың Ташкенттегі сарайының коллекциялары, кітаптар, т.б. бар.


null


null


null

Сондай-ақ ХІХ ғасырда жасалған алтын микроскоп, XVIII-XIX ғасырларда жасалған алтын жалатылған фолианттар, өзбек ғұламаларының XII ғасырға тән қолжазбалары, өзбек хандықтарының құжаттары да кездесті.


null


null

Табылған бұйымдардың тарихи құндылығы мол болғандықтан, мемлекет қорғауына алынды.




null


null


null


null

Басты сөздер: Оқиға, Өзбекстан,
Жоғары қарай