Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Татар-Информ Абай жазған Жарғы туралы: КФУ китапханәсендә уникаль басма табылган

2019 жылдың 18 маусым 2019 17:42

ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазақстаннан келген ғылыми қызметкерлер Қазан Федералды университеті кітапханасының қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімінен Абай жазған 133 жыл бұрынғы «Қарапайым қазақтарға арналған кодекс» бірегей құжатын тапты, деп жазады «Татар-информ» ақпарат агенттігі.

«Кітап Қазан қаласында 1886 жылы Қазан Император университетінің баспаханасында шыққан. Қазақ әдебиетінің классигі Абай құрастырған бұл құжаттың бір бөлігі «Қарапайым қазақтарға арналған кодекс» болып отыр», - дейді қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімінің жетекшісі Эльмира Амерханова.


null

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазақстандық ғылыми қызметкерлер құжаттың көшірмесін жасап, оны Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне алып кеткен. Бүгінге дейін бұл құжаттың түпнұсқасы жарияланбаған, ал жарғы ХІХ ғасырдағы араб әліпбиімен түрік-татар тілінде жазылған.


null

«Тұтастай алғанда жинақ Семей болысында 1885 жылы өткен съездің қорытындысы бойынша қабылданған ресми құжаттардан тұрады. Оның толық атауы - «Семипалат областенең Бишдиванның барча халфәнең сайланмыш адәмнәренең 1885-нче елында май аенда яр буендагы Карамалы съездында ясалмыш ираҗәседер». «Кодексті» құрастыруда төбе би ретінде Абай Құнанбаев қатысты. Қазақ тарихшыларының пікірінше, ол қарапайым адамдардың тұрмысын түзеу бағытында бірқатар жаңалықтар енгізген, сондықтан да оған деген құрмет ерекше. Бұны Қазандағы бірегей құжат та дәлелдей түседі», - деп жазады Татар-информ.


null

Еске сала кетейік, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі қызметкерлерінің ғылыми іссапары барысында «Қарамола жарғысы» табылғанын бұған дейін де хабарлаған едік.




null


null


null

Жоғары қарай