Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Татарстан мұнай-газ саласында Қазақстанмен байланысты нығайтуға мүдделі

2019 жылдың 11 шілде 2019 10:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» және «Татнефть» өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен ҚМГ делегациясы Татарстанның Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды.

«Шілденің 10-ы күні «Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықтың қағидаттары туралы» үкіметаралық келісімнің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ҚМГ басшысы Алик Айдарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласында ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға ынта білдірді. Атап айтқанда, геологиялық барлау жұмыстары, мұнай және газ химиясы, техникалық ынтымақтастық және цифрландыру мәселелері бойынша Татарстан Республикасының кәсіпорындары мен ҚМГ арасындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды», - делінген ҚМГ баспасөз қызметі мәліметінде.



null

Сол күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта Қазақстан мен Ресей аумағында геологиялық зерттеу және бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу; мұнай өндірудің жаңа технологияларын енгізу және өндірісті цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықтың болжамды бағыттары айқындалған.

ҚМГ басшысы Алик Айдарбаев Татнефть және ҚазМұнайГаз компанияларын техникалық ақпаратпен алмасу және мамандар оқыту саласында ұзақ жылғы берік қарым-қатынастар байланыстыратынын атап айтты. «Меморандумға қол қою арқылы біз бірлескен даңғыл жолдың жаңа кезеңіне жол ашатынымызға сенімдімін. Мұнай-газы бар Каспий маңы ойпатын игеру мәселесі ірі халықаралық мұнай компаниялары үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр Татарстанның компаниялары осы процеске белсенді қатыса алады», - деді ол.

Тараптар Қазан қаласындағы кездесу мұнай-газ саласының қазіргі сын-тегеуіріндерін талқылауға арналған алаң ғана емес, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа әрі өзара тиімді бағыттарын анықтаудың керемет мүмкіндігі екенін атап өтті.




null

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Энергетика, Ресей,
Жоғары қарай