Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Тайланд королі өзінің оққағарына үйленді

2019 жылдың 2 мамыр 2019 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тайланд королі Маха Вачиралонгкорн (Рама Х) өзінің оққағары Сутхида Вачиралонгкорнге үйленіп, оған ханшайым дәрежесін берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап.

Үйлену туралы хабар 4 мамыр, сенбі күні өтетін тәж кигізу салтанатына үш күн қалғанда жария етілді.

66 жастағы Маха Вачиралонгкорн бұған дейін үш рет үйленген, жеті баласы бар.

Үйлену сәті сәрсенбі күні кешкісін Тайланд телеарналарынан көрсетілді. Салтанатты рәсімге король отбасының мүшелері мен жоғары шенді тұлғалар қатысты. Некелесу рәсімінде елдің дәстүрлері сақталып, ханшайым Маха Вачиралонгкорнның алдында бас иді. Ал король Сутхида ханшайымның басына киелі су құйып, артынша жұп неке туралы куәлікке қол қойды.

Дәстүр бойынша, корольге Құдай және жарты Құдай ретінде қарау керек, сондықтан ол өзгелерден жоғары тұрады. Ресми рәсімдер кезінде оның аяқтары басқа адамдардың бастарынан жоғары тұруы шарт.

2014 жылы Вачиралонгкорн Thai Airways әуе компаниясының бұрынғы стюардессасы Сутхида Тиджайды өзінің күзет қызметі қолбасшысының орынбасары етіп тағайындаған. 2016 жылдың желтоқсан айында оған генерал дәрежесі берілді.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай