Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Тәжікстан Қазақстанда жасалған күзет жабдықтарын өз түрмелерінде қолданады

2020 жылдың 21 ақпан 2020 05:28

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Душанбеде Петропавл ауыр машина жасау зауыты (ПАМЖЗ) дайындаған күзет жабдықтарын Тәжікстанның Әділет министрлігіне салтанатты табыс ету рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Рәпіл Жошыбаев, Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев, ТР Әділет министрінің орынбасары Мансурджон Умаров, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік өкілі Ашита Миттал, сондай-ақ ПАМЖЗ және БҰҰ-ның елдік кеңселерінің өкілдері қатысты.

«Іс-шара аясында түзеу мекемелеріне арналған күзет жабдықтарының 2 жиынтығын қабылдау-тапсыру туралы актіге қол қойылды. Бұл жоба Қазақстанның дамуға ресми көмек ұлттық жүйесінің (ДРК) жобасын іске асыруының нәтижесінде мүмкін болды», - делінген СІМ мәліметінде.

ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Р.Жошыбаев өз сөзінде ДРК ұлттық жүйесін құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, осы саладағы ұлттық оператор «KazAID» агенттігін құру жөніндегі жоспарларды таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстандық дипломат Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы ДРК шеңберіндегі бірқатар жобалардың іске асырылуы туралы хабардар етіп, қазақстандық тараптың осы бағыт шеңберінде одан әрі бірлескен жұмысқа дайындығын атап өтті.

Өз кезегінде, ТР Әділет министрінің орынбасары М.Умаров Қазақстан тарапына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіре отырып, Қазақстанның осы маңызды бағыттағы қызметі Тәжікстанда да, жалпы өңірде де тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Қазақстанның ДРК саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Біздің еліміз Ауғанстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға білім беру гранттары мен оқу орындарын салу түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Жобаны жүзеге асыру Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен күш-жігер аясында маңызды болып табылады», - деді ҚР СІМ-нен.


Жоғары қарай