Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Тексеруден кейін 500-ге жуық медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді

2019 жылдың 23 мамыр 2019 08:29 1946

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті аумақтық денсаулық сақтау басқармаларымен бірігіп медициналық қызметкерлерде клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының бар-жоғына талдау жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитет сайтына сілтеме жасап.

Талдау 616 медициналық ұйымда жүргізілуде, оның ішінде мемлекеттік - 544, жеке меншік - 72. Шымкент қаласы мен Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Жасбыл, Алматы, Атырау облыстарында жүргізілген тексеру барысында 484 медициналық қызметкер сертификаты болмағандықтан жұмыстан шеттетілді. Осыған байланысты медициналық қызметкерлерге 5 АЕК және лауазымды тұлғаларға 15 АЕК айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Клиникалық практикаға медицина қызметкерлерін маман сертификатынсыз жіберу фактілері анықталған кезде әкімшілік-басқарушылық шаралары, атап айтқанда - медицина қызметкерін клиникалық практикадан шеттету, медицина ұйымдарының басшылары мен персоналды басқару қызметінің инспекторларын тәртіптік жауапкершілікке тарту қабылданатын болады», делінген хабарламада.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 18 медициналық ұйымында 117 медициналық қызметкер сертификатың болмауына байланысты жұмыстан шеттетілді. Шымкент қаласында 5 жалған сертификат анықталды, олар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Осыған ұқсас бұзушылықтар басқа аймақтарда да анықталуда: Қарағанды облысында 92 медициналық қызметкерлер сертификатының жоқтығынан жұмыстан шеттетілді; Павлодар облысында 142 медицина қызметкерлері шеттетілді; Жамбыл облысында 30; Алматы облысында 48; Атырау облысында 55 медицина қызметкері шеттетілді.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында 13 жалған сертификат анықталды, олар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетін болады.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары тізімдегі медициналық ұйымдардың бірінші басшыларын жазалау бойынша шара қабылдануда.

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді модификациялау бойынша жұмыстар жүргізіп жатқандығын айта кету қажет.

Сонымен, 2019 жылдың 1 тамызынан бастап маман сертификатының қолданылу мерзімі өткеннен кейін ақпараттық жүйелердегі медициналық қызметкердің жұмыс орны автоматты түрде бұғатталады, бұл оны жұмыстан автоматты түрде шеттетуді білдіреді.

Жоғары қарай