Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Теміртау қаласында академиялық есу жарысына 100-ден астам спортшы қатысты

2019 жылдың 17 шілде 2019 16:27 218

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасында академиялық есу бойынша «Қазақстан Магниткасы» регата өтті. Биыл ол 15 шілдеде басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Павлодар және Қарағанды облыстарының командалары қатысуда. Сайыс барысында 18 медаль жиынтығы ойнатылады. Жүлделі орындар үшін 105 қатысушы өзара бақ таластырады. Біздің өңіріміздің командасына 38 спортшы кірді.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Теміртау ескек есу спорт мектебі.




«Қазақстан Магниткасы» регаты 1962 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл кәсіби металлургтер күніне арналған дәстүрлі турнир.




Біріншілік сондай-ақ спорт ардагерлерінің кездесу орны және жетекші жаттықтырушылардың тәжірибе алмасуы үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Регаталар кезінде ересектер разрядтарын беруге арналған нормативтер орындалады, бұл жас спортшыларды жоғары нәтижелерге ынталандырады дейді ұйымдастырушылар.











Жоғары қарай