Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Теміртауда жүздеген саяжайлық үй өртеніп кетті

2019 жылдың 1 қыркүйек 2019 12:53

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы «Металлург КМК» саяжай қоғамының аумағында алапат өрт болды. Салдарынан жүздеген үй жанып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жалын 29 тамыз күні түс уақытында шыққан. Оны ауыздықтауға өрт сөндіру пойызы, 7 арнайы техника және 64 өрт сөндіруші жұмылдырылды.





«Негізгі күш тұрғын үйлерді, теміржол қатынас жолдарын, «Жаңа ауыл» стансасының және «Металлургическая» қосалқы стансасының нысандарын сақтап қалуға жұмсалды. Өрт сөндірушілердің кәсібилігінің арқасында бұл маңызды нысандарға қауіп төнген жоқ«, - деді Төтенше жағдайлар басқармасынан.

40 га аумақта шаруашылық қоқыстары мен ағаш шарбақтар, сондай-ақ саяжай қоғамына жақын жерде құрғақ шөп өртенді. Тілсіз жау барлығы 160 га аумақты жайлады. Өрт 20.25-те сөндірілді. Оқиға орнынан Теміртау қаласының Орталық ауруханасына 1932 жылы туған азаматша жеткізілді.





Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, алдын ала ақпаратқа сәйкес, иелері бар - 20 және иен жатқан 700-ден астам саяжай үйі жермен жексен болды.





Жоғары қарай