Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Теңіз кемелеріне қатысты тіркеу шаралары оңтайландырылды

2019 жылдың 8 қазан 2019 14:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Теңіз кемелерінің немесе құрастырылып жатқан кемелердің ипотекасын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет электрондық форматқа ауыстыру арқылы оңтайландырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы қызметті көрсетудің тиісті стандарты ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді. Енді қызмет алушыларға Ақтау қаласында орналасқан аталған әкімшіліктің кеңсесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Өтініш берушіге электрондық-цифрлық қолтаңба және интернетке қол жеткізуң жеткілікті», - деп атап өтілген ҚР ИИДМ Көлік комитетінің мәліметінде.

Осы орайда «электрондық үкімет» порталында мәліметтер толтырылып, төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баж төленеді (5 айлық есептік көрсеткіш немесе 12 625 теңге). Сонымен қатар, осындай шартта көрсетілген құжаттармен кеме ипотекасы туралы шарттың сканерленген көшірмесі тіркеледі. Қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша кеме ипотекасын тіркеу туралы куәлік өтініш берушінің «жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі.

Жоғары қарай