Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Теннис: Александр Бублик Франциядағы турнирдің финалына шықты

2019 жылдың 2 наурыз 2019 21:15

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франциядағы Рау турнирінің жартылай финалында корт иесі Грегуар Баррермен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 1-ракеткасы, биыл 25-ке толған франциялық теннисші дүниежүзілік рейтингте125-орында болса, 21 жасар қазақстандық спортшы 153-сатыда еді.

Бірінші партия барысында теннисшілер бір-бірден брейк жасады. Есеп 4:4 болып тұрған мезетте қарсыласы доп бергенде, гейм тартысты өрбіп, А.Бублик брейк-пойнтты пайдалана алмады. Ақыры сет тай-брейкке жалғасты. Мұнда қазақстандық теннисші қарсыласының мини-брейктер жасауына мүмкіндік беріп қойды - 0:3. Дегенмен ол таразы басын теңестіріп, жеңіске жете алды - 8:6.

Екінші сетте тоғызыншы геймде брейк жасаған франциялық теннисші алға шықты - 5:4. Дегенмен содан кейін Г.Баррер доп бергенде, тамаша ойнаған А.Бублик есепті қайта теңестірді - 5:5. Матчты Бублик тағы бір брейкпен бітірді - 7:5.

Тартысты бәсеке сағат жарымдай уақытқа созылды.

Кездесу барысында қазақстандық теннисші 21 эйс жасаса, қарсыласы бұған бір рет қана қол жеткізе алды. Керісінше доп бергенде, А.Бублик көбірек (5-1) қателесті. Мұның орнын Александр эйспен толтырып отырды.

Финалда қазақстандық теннисші әлемнің 264-ракеткасы, словакиялық Норберт Гомбош немесе рейтингте 283-орындағы бельгиялық Стив Дарсистің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Рау турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Биыл қазақстандық теннисші Будапешт турнирінің жеңімпазы атанған болатын. Енді, міне, сондай екінші мүмкіндік туып тұр.

Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирін сәтті бастап, кейін ширек, одан соң жартылай финалға жолдама алды.

Рейтингте 96-орында тұрған З.Дияс әлемнің 94-ракеткасы, америкалық Дженнифер Брэдимен финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай