Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Теннис: Александр Бублик Вена турнирінде ұтылып қалды

2019 жылдың 24 қазан 2019 01:28

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Александр Бублик Вена ATP турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик алғашқы айналымда әлемнің 22-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен кездесті.

Қазақстандық теннисші осы турнирдің 6-ракеткасы болып тіркелген, бірақ жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмаған канадалық Феликс Оже-Альяссимнің орнына шықты. Яғни А.Бублик іріктеу сайыстарының финалында жеңіліп қалғанымен, негізгі турнирге лаки-лузер ретінде шақырту алды.

Бірінші партияда ресейлік спортшы дес бермеді – 6:1.

Екінші сетте де 3:1 есебімен алға шықты. А.Бублик қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Тартысты өткен партия тай-брейкке дейін жетті. Мұнда А.Бублик басымдылық танытты – 7:6 (7:3).

Үшінші, шешуші партияны ресейлік теннисші брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен қазақстандық спортшы да қалыспай, есепті теңестіре алды. Тай-брейкте А.Рублевтің жолы болды – 7:6 (8:6).

Тартысты бәсеке 2 сағат 20 минутқа созылды.

Бұдан бір апта бұрын, 15 қазан күні Мәскеуде «Кремль кубогының» алғашқы айналымында қос теннисші өзара шеберлік байқасып, онда да А.Рублев (6:1, 3:6, 6:4) жеңіске жеткен еді. Кейін ол осы доданың чемпионы атанды.

А.Рублев екінші айналымда рейтингіде 139-сатыдағы оңтүстіккореялық Чхун Хёнмен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Вена турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай