Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Теннис: Бублик Марсель турнирінің финалына шыға алмады

2020 жылдың 22 ақпан 2020 21:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Марсель (Франция) ATP турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик жартылай финалда әлемнің алтыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен күш сынасты.

Грекиялық спортшы бірінші партияда 7:5 есебімен басым түссе, екінші сетте де сол қарқынынан айырылмады – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.

С.Циципас бұл додада өзінің өткен жылғы чемпиондық атағын қорғауда. 2019 жылы финалда ол тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкинді ұтқан болатын.

Грекиялық теннисші финалда әлемнің 18-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссим немесе рейтингте 58-сатыдағы Жиль Симонның біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай турнирінің финалына, А.Бубликтің Марсельде жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай