Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Теннис: Денис Евсеев Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шықты

2019 жылдың 16 шілде 2019 19:53 259

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев Нұр-Сұлтанда Президент кубогы үшін өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 305-орында тұрған Д.Евсеев бастапқы кездесуін әлемнің 472-ракеткасы, чехиялық Михаил Врденскимен өткізді.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 14 минутқа созылған бәсекеде 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Д.Евсеев екінші айналымда әлемнің 233-ракеткасы, аустриялық Лукас Мидлермен күш сынасады.

Жарысты екінші айналымнан бастайтын осы турнирдің бесінші, әлемнің 196-ракетасы Александр Недовесов рейтингте 365-сатыдағы аргентиналық Факунда Менамен шеберлік байқасады.

Басқа қазақстандықтар бірінші айналымнан аса алмады. Бүгін Андрей Голубев Израиль елінің өкілі Эдан Лешемге 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.

Нұр-Сұлтанда сондай-ақ әйелдер де сынға түсуде.

Өткізіле бастағанына 27 жыл болған Президент кубогы үшін турнир (жалпы жүлде қоры – 215 мың АҚШ доллары) 21 шілдеде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Бухарест турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай