Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Теннис: Елена Рыбакина US Open турниріне жолдама алды

2019 жылдың 24 тамыз 2019 00:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина US Open негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған Елена Рыбакина іріктеу сайыстарының финалында аустралиялық, әлемнің 190-ракеткасы Лизетт Кабрерамен кездесті.

Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті – 7:6 (7:5).

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте аустралиялық спортшы брейк жасап, алға шықты. Дегенмен Е.Рыбакина қайыра брейкке қол жеткізіп, таразы басын теңестірді. Содан кейін тағы бір брейк жасай алды – 5:3. Ақыры өзі доп бергенде, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 45 минутқа созылды.

Е.Рыбакинаның АҚШ-тың ашық чемпионатындағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың 26 тамыз күні басталатын US Open турнирінде әлемнің 2-ракеткасымен кездесетінін жазған болатынбыз.

Осылайша АҚШ-тың ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Елена Рыбакина, ерлерден Михаил Кукушкин мен Александр Бублик өнер көрсетеді.



Перевод Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай