Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Теннис: Голубев пен Недовесов Бангкок турнирінің чемпионы атанды

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 13:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Бангкок (Таиланд) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

А.Голубев пен А.Недовесов финалда таиландтық Санчай Ративатана мен индонезиялық Кристофер Рунгкатпен кортқа шықты.

Қазақстандықтар бірінші партияда 3:6 есебімен есе жіберіп қойғанымен, сосын жинала білді.

Екінші сетте Голубев пен Недовесов тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:1). Содан кейін де есесін жібермеді – 10:5.

Финалдық бәсеке 1 сағат 27 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Хобарт турнирінің жеңімпазы атанғанын, ал Дмитрий Попконың Аустралия чемпионатында негізгі додаға өте алмағанын жазған болатынбыз.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай