Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Теннис: Кукушкин Лондон жарысын ерте аяқтады

2019 жылдың 19 маусым 2019 18:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин Лондон турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 65-орындағы франциялық Жереми Шардимен күш сынасты.

Бірінші партияда франциялық спортшы бет қаратпады - 6:1.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Шарди брейк жасап, алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:3.

Бәсеке бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Ж.Шарди жүлде қоры 2 млн еуродан асатын турнирдің екінші айналымында осы доданың бірінші, әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас немесе рейтингте 30-сатыдағы ұлыбританиялық Кайл Эдмундтың біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Лондон жарысының алғашқы айналымынан аса алмағанын, Галина Воскобоеваның жұптық сында Бирмингем турнирінің ширек финалына шыққанын және Юлия Птуинцеваның әлемнің 1-ракеткасымен кездесетінін жазған болатынбыз.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай