Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Теннис: Попко Аустралия чемпионатының негізгі турниріне өте алмады

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 11:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дмитрий Попко Аустралия ашық чемпионатының негізгі турниріне өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 184-ракеткасы Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 229-орында тұрған франциялық Эллиот Беншетримен кездесті.

Бірінші партияда франциялық теннисші 3:1 есебімен алға шыққанымен, Попко таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзіне аудара білді - 6:4.

Екінші сетте Беншетри басымдылығын сақтай алды - 6:2. Ол үшінші, шешуші партияны да жеңіспен тәмамдады - 6:3.

Бәсеке 2 сағат 1 минутқа созылды.

Осылайша Д.Попко негізгі додадан тыс қалды. Онда Қазақстаннан Александр Бублик, Михаил Кукушкин, әйелдер арасында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Зарина Дияс өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың іріктеу сайыстарының финалына шыққанын, Е.Рыбакинаның Хобарт турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай