Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Теннис: Путинцева Аделаидада негізгі турнирге жолдама алды

2020 жылдың 12 қаңтар 2020 11:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаидада (Аустралия) негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 88-ракеткасы, ресейлік Виталия Дьяченкомен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық танытты – 6:1.

Екінші сетте де есесін жіберген жоқ – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 18 минутқа созылды.

Ю.Путинцеваның алдағы аптада өтетін негізгі турнирдегі қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Аделаида жарысын жеңіспен бастағанын, Елена Рыбакинаның Қытайдағы турнирдің финалында ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай