Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Теннис: Путинцева Доха турнирінің үшінші айналымына шықты

2020 жылдың 25 ақпан 2020 22:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Доха (Катар) премьер турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездесті.

Бірінші сетте есеп 4:4 болған мезетте бельгиялық спортшы брейк жасап, сосын өз геймін алды – 6:4.

Екінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты – 2:0. Ол осы басымдылығын сақтай білді – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте есеп 2:2 болғанда, Юлия брейк жасады – 3:2. Тағы бір брейк – 5:2. Бұдан кейін матчқа доп бергенде, қарқынын бәсеңдеткен жоқ.

Бұдан кейін матчқа доп бергенде, қарқынын бәсеңдеткен жоқ - 6:2. Тартысты бәсеке 2 сағаттай уақытқа созылды.

Осылайша қазақстандық теннисші Доха турнирінің өткен жылғы чемпионын тақтан тайдырды. Бұдан бұрын Федерация кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан – Бельгия матчында Э.Мертенс жеңіске жеткен (6:1, 7:6) болатын. Соның қарымтасын Юлия бүгін қайырды.

Ю.Путинцева Доха додасының (жүлде қоры – 2,9 млн АҚШ доллары) ширек финалына шығу үшін әлемнің тоғызыншы, осы жарыстың 4-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингте 38-орындағы ресейлік Вероника Кудерметованың қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Доха турнирінің екінші айналымына шыққанын, Елена Рыбакинаның да жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Бүгін Александр Бублик Дубай додасының екінші айналымына шықты.






Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай