Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Теннис: Воскобоева жұптық сында Мадрид турнирінің 1/2 финалына шықты

2019 жылдың 9 мамыр 2019 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге жұптық сында Мадрид турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық-ресейлік жұп ширек финалда осы турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген германиялық Анна-Лена Грёнефельд пен Нидерланды елінің өкілі Деми Схюрспен сынға түсті.

Г.Воскобоева мен В.Кудерметова 6:4, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті.

Бәсеке бір сағатқа созылды.

Енді Г.Воскобоева мен В.Кудерметова финалға шығу үшін осы турнирдің сәйкесінше бесінші және үшінші ракеткалары, тайваньдық Се Шувэй мен чехиялық Барбора Стрыцова немесе аустралиялық Саманта Стосур мен қытайлық Шуай Чжан жұбының қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Галина Воскобоеваның жұптық сында Мадрид турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ бүгін Зарина Дияс Жапониядағы Фукуока, Дмитрий Попко мен Александр Недовесов Қазақстандағы Шымкент турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай